571

Бибісара Асаубаева гран-при турнирінде 6-орынға көтерілді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің гран-при турнирінің үшінші кезеңінен кейін жалпы есепте 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бибісара Асаубаева гран-при турнирінде 6-орынға көтерілді
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық шахматшы гран-при турнирінің Астана (30 ұпай) мен Нью-Делидегі (163 ұпай) кезеңдеріне қатысты. Ал жылдың басында Германия астанасы Берлин қаласында өткізілген кезеңінде ойнаған жоқ.

Енді ол мамырда Кипр астанасы Никосия қаласында өтетін шешуші кезеңге барады.

Аталған турнирде 3-4 шахматшының жалпы есепте жеңімпаз атануға мүмкіндігі сақталып тұр.