2026 жылы Үкімет қай бағытқа қанша ақша жұмсамақ?

22.10.2025, 11:51
431
2026 жылы Үкімет қай бағытқа қанша ақша жұмсамақ? SMARTNEWS.KZ коллажы

Триллиондардың қанша кететіні белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті бекітіп, 2026 жылы ел қаржысының қай бағыттарға жұмсалатынын нақтылады. Министр Мәди Такиевтің айтуынша, басты басымдық — халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мен экономиканың тұрақты дамуы.

Денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге бөлінеді. Бұл биылғыдан 107 млрд теңгеге көп. Қосымша қаражат медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталады.

Білім мен ғылымға 901,7 млрд теңге қарастырылған. Үкімет сапалы білім беру, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орталықтарды дамыту ісін жалғастырмақ.

Мәдениет, туризм және спорт салаларына 263,5 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражат елдің имиджін көтеріп, экономикалық өсуді қолдауға жұмсалмақ.

Экономиканы ынталандыруға шамамен 1,2 трлн теңге бағытталады. Нақты секторды дамытуға бөлінетін қаржы 540 млрд теңгеге өсіп, 3,7 трлн теңгеге жетпек. Бұл өндіріс пен инвестицияның жаңа бағыттарын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлерді дамыту — тағы бір басты міндет. 2026 жылы бұл мақсатқа 300 млрд теңге жұмсалады, ал үш жылдық кезеңде жалпы сома 581 млрд теңгеге жетеді. Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктердің дербестігін арттыру үшін өңірлерге 5,1 трлн теңге трансферт бөлінеді.

Күштік құрылымдарға 3 трлн теңге қарастырылған — бұл биылғыдан 335 млрд теңгеге артық. Осылайша, қорғаныс шығындары елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 1 пайызын құрайды. Министрдің сөзінше, бұл қаражат тек әскери дайындыққа ғана емес, сондай-ақ қорғаныс саласындағы инновациялық жобаларды дамытуға да жұмсалмақ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады