«5 өңір артта келе жатыр»: Жұманғарин кейбір облыстардың дамуы неге тежеліп жатқанын түсіндірді

22.10.2025, 15:02
2363
«5 өңір артта келе жатыр»: Жұманғарин кейбір облыстардың дамуы неге тежеліп жатқанын түсіндірді бейнежазбадан

Үкімет резервінен Абай облысына қосымша ақша бөлу керек дейді депутат.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет пен республикалық және өңірлік бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы заң жобалары қаралды. Құжаттар Бюджет кодексіне және Президент тапсырмаларына сай әзірленген. 

Күн тәртібінде бюджеттік мәселелермен қатар, атқарушылық іс жүргізу мен қылмыстық заңнаманы жетілдіруге бағытталған түзетулер, сондай-ақ бірнеше халықаралық келісімдерді ратификациялау жобалары болды.

Отырыста депутат Нұртай Сабильянов Үкіметке өңірлік даму қаржыландыруы бойынша сын айтты. Ол жаңа әдістеменің өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық теңсіздікті қысқартуға тиіс болғанын, бірақ іс жүзінде нәтиже байқалмай отырғанын атап өтті.

«Ең төмен инфрақұрылымдық қамту деңгейі — Абай облысында, небәрі 56 пайыз. Ал сіз республика бойынша орташа көрсеткіш 64 пайыз дедіңіз. 2026 жылы Абай облысының даму бағдарламасына небәрі 3,4 млрд теңге қарастырылған. Ал 2025 жылы басталған жобаларды жалғастыруға 35 млрд теңге бөлінбеген. Бұл — жол, ауыз су, спорт және мәдениет нысандарының құрылысы кейінге қалды деген сөз. Басқа өңірлерге қарағанда Абай облысына қаражат бірнеше есе аз бөлінген. Президенттің жаңадан құрылған облыстарды қолдау жөніндегі тапсырмасын ескерсек, бұл әділетсіз. Сондықтан Үкімет резервінен Абай облысына қосымша қаражат бөлуді сұраймын», — деді депутат.

Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл сынға жауап беріп, Үкіметтің басты мақсаты — келесі жылы қаржылық тұрақтылықты сақтау екенін айтты.

«Сіз дұрыс айтасыз, бірақ бәрін бірден шешу мүмкін емес. Қазір ең төмен қамтылған өңір — Абай облысы (56%), ал ең жоғары — Маңғыстау (71%). Бұл айырмашылықты қысқарту үшін уақыт керек. Үш жылдық кезеңде біртіндеп шешіледі. Мысалы, Абай облысына биыл 251 млрд теңге субвенция бөлінсе, келесі жылы 264 млрд теңге қарастырып отырмыз. Артта қалған бес өңір бар — Абай, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары. Олардың қаржыландыру деңгейін теңестіру бағытында жұмыс жүріп жатыр», — деді министр.

Сондай-ақ ол Абай облысында жаңа аурухана мен спорт кешенінің құрылысына қаражат резервтен бөлінетінін атап өтті.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлытау облысына неге қосымша қаржы қарастырылмағанын сұрады.

«Бұл өңірлердің берген өтінімдеріне байланысты. Біз қолда бар және басталып кеткен жобаларды ескеріп, соған қарай қаржыландыруды жоспарладық», — деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады