Елдос Сметов Динара Сәтжанның күйеуінен сыйға алған қымбат көлігін сатып жатыр
Елдос Сметов Динара Сәтжанның күйеуінен алған Mercedes-ін неге сатып жатыр?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзіне сыйға берілген Mercedes-AMG GLE көлігін сатуға қойды. Бұл туралы дзюдошы Instagram парақшасындағы сторисінде хабарлады.
«Сатылымға шықты, жұғысты болсын деп… Алушылар болса, үлгеріңіздер», – деп жазды спортшы.
Белгілі болғандай, бұл көлікті Сметовке журналист Динара Сәтжанның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйлаған еді.
Еске салайық, Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін Жанықұлов чемпионды жеке құттықтап, оған аталған Mercedes-AMG GLE автокөлігін тарту еткен болатын.
Сондай-ақ кәсіпкерлер Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау өзге жүлдегерлерге де сый жасаған: ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайға – Toyota Prado, ал Назым Қызайбайға – Mini Cooper көліктерін табыс еткен.
Материал авторы