SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейлік боксшы, жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-жұбайы Екатерина Бивол Қазақстан мен Қырғызстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Белгілі болғандай, Екатерина әлеуметтік желіде қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздер айтқаннан кейін екі елдің ішкі істер органдары тексеріс бастаған.
Оның парақшасы айтылған сөздерден кейін бірден бұғатталған. Қазір Қазақстан мен Қырғызстанда ұлтаралық және діни араздықты қоздыру бабымен іс қозғау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Егер Биволдың сөзі Қазақстан заңнамасы бойынша қылмыс деп танылса, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Екатерина Бивол жағдай бойынша адвокатымен кеңескенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін — 2025 жылдың 14 қаңтарында — ол бұрынғы күйеуі Дмитрий Биволды, оның анасын және боксшының жанкүйерлерін қорлағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Прокуратура іс қозғап, сот оған ескерту түріндегі жаза қолданған еді.
RUS