533

Данияны жеңген Қазақстан футбол құрамасы әлемдік рейтингіде көтерілді

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы 6 сәуір күні жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Данияны жеңген Қазақстан футбол құрамасы әлемдік рейтингіде көтерілді
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, ұлттық құрама жаңартылған рейтингіде үш саты жоғары көтеріліп, 112-орынға жайғасты.

Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурызда 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізген болатын. Алғашқы матчта Словенияға (1:2) есе жібергенімен, кейін Данияны (3:2) жеңген еді.

ФИФА рейтингісі. 6 сәуір 2023 жыл:

1. Аргентина – 1840.93 ұпай

2. Франция – 1838.45

3. Бразилия – 1834.21

4. Бельгия – 1792.53

5. Англия – 1792.43

6. Нидерланд – 1731.23

7. Хорватия – 1730.02

8. Италия – 1713.66

9. Португалия – 1707.22

10. Испания – 1682.85

19. Дания – 1594.53

56. Финляндия – 1405.31

59. Словения – 1398.47

62. Солтүстік Ирландия – 1385.93

111. Кипр – 1179.45

112. Қазақстан – 1177.05

113. Гвинея-Бисау – 1172.3

211. Сан-Марино – 759.12.