Нью-Йорк әкімі «Қазақстан мұрасы күнін» жариялады

23.10.2025, 11:38
349
Нью-Йорк әкімі «Қазақстан мұрасы күнін» жариялады gov.kz

Республика күніне орай Нью-Йорк мэрі құрмет көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Манхэттеннің қаржы орталығында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мемлекеттік ту көтеру салтанаты өтті.

Іс-шараға Нью-Йорк мэрі, БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі, еліміздің Бас консулдығы, дипломатиялық корпус, қазақстандық диаспора және жастар өкілдері қатысты.

Биылғы мерекенің ерекшелігі — Нью-Йорк мэрі Эрик Адамстың Қазақстан Республикасының құрметіне «Қазақстан мұрасы күні» (Kazakhstan Heritage Day) деп жариялаған ресми прокламациясының табысталуыболды.

Бұл тарихи құжат — Нью-Йорк қаласының Қазақстан халқы мен мәдениетіне құрметінің, сондай-ақ қазақ диаспорасының қаланың қоғамдық өміріне қосқан үлесін мойындаудың нышаны.

Мэрия атынан сөз сөйлеген халықаралық істер жөніндегі кеңесші Чарльз Даймонд Қазақстан мен АҚШ арасындағы достықты жоғары бағалап, мәдени байланыстар мен диалогты дамытуға үлес қосып жүрген диаспора мүшелеріне алғыс білдірді.

Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулы Рауан Тлеулин өз сөзінде:

«Бұл прокламация — Қазақстан мен Америка арасындағы өзара құрмет пен серіктестіктің жарқын көрінісі», — деп атап өтті.

Шара барысында «Sony» компаниясының аға вице-президенті Галия Тлеуова шетелде табысқа жеткен қазақ жастарының ел имиджін қалыптастырудағы рөлін ерекше атады. Ал Нью-Йорк киноакадемиясының аға вице-президенті Дэвид Клайн Алматыда ашылған жаңа кампус туралы айтып, мәдени және білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Салтанатты кештің көркін Нью-Йоркте тұратын музыкант Джефф Герштің домбырамен орындаған күйі келтірді. Ал Гүлзар Габман, «Viva Music Carnegie Hall – 2022» байқауының жеңімпазы, қазақ әндерін шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік атмосфера мен ұлттық әуендер Нью-Йорк аспанында екі ел арасындағы достық пен мәдени өзара құрметтің шынайы рухын паш етті.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан