492

2026 жылы қазақстандықтар жоғары зейнетақы алады

Жаңа экономикалық болжам жарияланды.

2026 жылы қазақстандықтар жоғары зейнетақы алады
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жариялады. Құжатта алдағы жылдары зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер біртіндеп өсетіні көрсетілген.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылдан бастап елде минималды және базалық зейнетақы, сондай-ақ тұтыну минимумы жыл сайын артатын болады:

ең төменгі зейнетақы 62 771 теңгеден 69 049 теңгеге дейін өседі;

базалық зейнетақы 32 360 теңгеден 35 596 теңгеге дейін көтеріледі;

өмір сүру минимумы 50 851 теңгеге жетеді.

Сонымен қатар, 2026 жылы елдегі зейнеткерлер саны 2,6 миллион адамға дейін көбейеді деп болжанған.

2028 жылға қарай:

ең төменгі зейнетақы шамамен 78 мың теңге болады;

базалық зейнетақы 40 мың теңгеге жуықтайды.

Ал орташа айлық жалақының мөлшері 500 890 теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 19%-ға жоғары.

Министрлік мұндай өсім экономикалық тұрақтылық пен халық табысының артуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Материал авторы