SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, дронның сынықтары елді мекендерден алыс аймақта табылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, материалдық шығын да тіркелмеген.
Қазір уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарылыстың мән-жайын және ұшу аппаратының шығу тегін анықтауға бағытталған тексеру шаралары жүріп жатыр.
«Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігін бақылауды күшейту және шетелдік ұшу аппараттарының мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуінің алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдады.
Сондай-ақ бұл дрондардың кімге тиесілі болуы мүмкін екеніне қатысты шетелдік серіктестермен кеңес жүргізіліп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.
RUS