Еуроодақ Қазақстандағы банкке санкция енгізді

23.10.2025, 15:00
582
Еуроодақ Қазақстандағы банкке санкция енгізді Сергей Ведяшкин / АГН Москва

Еуроодақ Ресейге қарсы 19-пакет санкция жариялаған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық одақ Ресейдің Украинадағы соғысына байланысты 19-пакет санкцияларын бекітті. Жаңа тізімге ресейлік «ВТБ» банкінің Қазақстандағы еншілес ұйымы да енді. Бұл шешімді ЕО Кеңесіне төрағалық етіп отырған Дания растады.

Бұған дейін санкциялық пакеттің қабылдануын Словакия тежеп келген еді. Ел премьері Роберт Фицо Еурокомиссиядан энергоцендер мен ауыр өнеркәсіпті қолдау бойынша кепілдік талап еткен.

Reuters дерегінше, бұл талаптар саммит қорытынды құжатында ескерілген соң, Братислава келісімін берген.

«Құжатты бекіту рәсімі басталды. Егер қарсылық болмаса, пакет ертең таңғы сегізде ресми түрде күшіне енеді», — деп мәлімдеді Дания төрағалығы.

Биыл алғаш рет санкциялар тізіміне ресейлік сұйытылған табиғи газды импорттауға тыйым салу енгізілді. Қысқа мерзімді келісімшарттар алты ай ішінде тоқтатылады, ал ұзақ мерзімді келісімдер 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды. Бұл мерзім — Еурокомиссия ұсынған жоспардан бір жыл бұрын.

Сонымен қатар, жаңа пакетке Ресейдің 117 кемесі — негізінен мұнай тасымалдайтын танкерлер — кірді. Олар бұған дейінгі санкцияларды айналып өтуге көмектескен «көлеңкелі флоттың» бөлігі саналады. Енді ЕО тізімінде барлығы 558 ресейлік кеме бар.

ЕО шектеулері Қазақстан мен Беларусь банктеріне, сондай-ақ мұнай саласына қатысы бар төрт қытайлық компанияға да тарады. Дипломатиялық дереккөздерге сүйенсек, олардың қатарында екі мұнай өңдеу зауыты, бір трейдер және Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен делдал құрылым бар.

Қазақстандағы «ВТБ банкке» қатысты шектеулер 2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды