SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қолынан жаңа темір тұлпардың кілтін алды.
Ақын бұл жаңалығын өз парақшасында бөлісіп, әкімнің сыйлығын айтыс өнеріне көрсетілген құрмет деп бағалады.
«Қадірлі ағайын! Тағы бір сүйінші жаңалығымды бөліскім келеді. Абай облысының әкімі Берік Уәли ағамыз жеке қабылдап, Абай халқының атынан темір тұлпар мінгізді. Бұл менің еңбегіме ғана емес, айтыс өнеріне, Шығыс жұртының руханиятына жасалған үлкен құрмет деп білемін», – деп жазды ақын.
Еске салайық, бұған дейін Сара Тоқтамысова «Алтын домбыра» республикалық айтысында жеңіске жетіп, бас жүлде — пәтер иеленген болатын.
Ақынның айтуынша, Берік Уәли өңірде руханият пен мәдениет саласында қолдау көрсету дәстүрін қалыптастырған.
«Бүгінде Берік Уәлидің бастамасымен облыста руханият, мәдениет, спорт және өнер саласына ерекше көңіл бөлінген. Ол кісі өңір кәсіпкерлерімен тығыз байланыс орнатып, демеушілерді осы салаларға тартып отыр.
Мысалы, Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойында тоғызқұмалақтан өткен жарыстың жеңімпазына да автокөлік табысталған болатын», – деп жазды айтыскер.
RUS