Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік үш қақпашының қатарына енді

Азиз Қалижан Редактор
23.10.2025, 17:02
898
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік үш қақпашының қатарына енді instagram.com/f.c.kairat

Анарбеков бес рет қақпаны қорғап қалып, Пафоспен кездесудің үздік ойыншысы атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасы тарихында ең жоғары — 10 балдық баға алған үшінші қақпашы атанды. Мұндай нәтижені халықаралық статистикалық платформа Sofascore тіркеді.

Платформаның ресми Instagram парақшасы 22 жастағы қазақстандық қақпашының «Пафосқа» қарсы ойынын «тарихи кеш» деп атады:

«Темірлан Анарбеков қандай ойын көрсетті десеңізші! Ол жарақаттан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасында алаңға шығып, біздің деректер базасында мінсіз — 10 ұпай алған бар-жоғы үшінші қақпашы болды!» — деп жазды Sofascore.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші турда өткен «Қайрат» – «Пафос» матчы 0:0 есебімен аяқталды. Анарбеков бес сейв жасап, кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Жас қақпашының бұл ойыны — оның мансабындағы үлкен серпіліс. Ол тек өз қақпасын «құрғақ» сақтап қана қоймай, еуропалық футбол тарихына да есімін жазды.

Sofascore — Словакияда құрылған халықаралық спорттық аналитикалық портал, ол әлем бойынша 20-дан астам спорт түрінің матчтарын бағалап, статистика жүргізеді.

Айта кетейік, Атырау тумасы Темірлан Анарбеков «Селтикке» қарсы тарихи ойында үш пенальтиді қайтара отырып, «Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына үлкен үлес қосқан еді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды