550

Алматыға жыл басынан бері 22 мыңға жуық шетел азаматы келген

Алматыға жыл басынан бері 21 805 шетел азаматы келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп, деп хабарлайды smartnews.kz сайты қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыға жыл басынан бері 22 мыңға жуық шетел азаматы келген
smartnews.kz

Алматы қалалық көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, қалада көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау мен заңсыз көші-қон арналарын жою жедел алдын алу іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.

«Жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапқа тартылса, соның 1738-і -шетел азаматы. 248 шетелдікке әкімшілік хаттама толтырылып, елден шығарылды. Полиция департаментінің қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды. Шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған 47 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері заңсыз көші-қонның 11 арнасы анықталды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.