Желіде жасөспірім қыздардың аса қатігез төбелесі талқыға түсті
Төбелес Жаңаөзен қаласында болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде қыз балалардың қатігез төбелесі түсірілген видео қызу талқыланып жатыр. Алғашында көпшілік оқиға Атырауда болды деп ойлаған, алайда кейіннен бейнежазба Жаңаөзен қаласында түсірілгені анықталды.
Кадрларда үш жасөспірім қыздың қатысуымен болған екі төбелес көрініс тапқан.
АқЖайық редакциясына түскен мәліметке сәйкес, барлық қатысушылар полицияға жеткізіліп, ата-аналарымен бірге түсініктеме берген. Ересектерге балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшінәкімшілік айыппұл салынды.
Материалдар Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясына жолданды. Ал жасөспірімдердің өздері профилактикалық есепке алынды.
Материал авторы