Алматы облысында бала күтуші әйел сәбидің өліміне айыпталып отыр

06.04.2023, 17:54
897
Алматы облысында бала күтуші әйел сәбидің өліміне айыпталып отыр smartnews.kz

Алматы облысында бала күтушісінің қарауына қалдырылған екі жасар сәби қайтыс болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, 25 наурызда Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне әйел жүгініп, 30 жастағы бала күтушіге шара қолдануды сұраған. Айтуынша, бала күтушінің үйінде 2 жасар сәбиі көз жұмған.

«Ш. есімді азаматша 5-6 айдан бері ата-анасынан ақы алып, кішкентай балаға күтуші ретінде қарап жүрген.

Сол күні-ақ бұл факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы, 2-бөлігінде (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгісі бойынша тіркелді.

26 наурызда қылмыстық құқықбұзушылықты 141-баптың 2-бөлігінен ҚР ҚК-нің 99-бабы, 3-бөлігіне (Адам өлтіру) ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Мақсат Әбіров.

6 сәуірде Талғар ауданы ПБ тергеушісі аудан прокуратурасына екі ай мерзімге «қамауда ұстау түріндегі» бұлтартпау шарасын бекіту туралы өтініш жолдады. Талғар ауданының прокуратурасы өтінішті қолдап, қарау үшін тергеу сотына жіберді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды