Екі дүркін Қазақстан барысы атанған балуан әкім орынбасары болып тағайындалды

24.10.2025, 09:28
1186
Екі дүркін Қазақстан барысы атанған балуан әкім орынбасары болып тағайындалды instagram.com/aiagoz_audan_akimdigi

Аягөз ауданына жаңа басшы келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды.

Айбек Нұғымаров 1987 жылғы 3 маусымда Абай ауданының Құндызды ауылында дүниеге келген. Ол Семей политехникалық колледжін және Семей мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдап, кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университетінде «Заңгер» мамандығын игерген. Сондай-ақ Еуразия ұлттық университетінде құқықтану магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қаласындағы олимпиадалық резервтегі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы болып бастаған. Кейін 2013–2019 жылдары ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінде аға нұсқаушы-әдіскер қызметін атқарды.

2019 жылдан бастап Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры лауазымында болған.

Айбек Нұғымаров – қазақ күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдо мен самбодан спорт шебері. Ол қазақ күресінен 10 дүркін Қазақстан чемпионы, 4 дүркін Азия чемпионы, 3 дүркін Әлем кубогының иегері, 4 дүркін Әлем чемпионы, сондай-ақ «Еуразия Барысы» мен «Әлем Барысы» турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы.

Бұған қоса, ол «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі әрі VII және VIII шақырылымдағы Абай облыстық мәслихаттың депутаты болған.
Айбек Нұғымаров мемлекеттік наградалармен және жоғары марапаттармен де иеленген.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады