SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан, сондай-ақ қоғам өмірінде белсенділік танытқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Президенттің Жарлығымен:
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы З.Алтынбаеваға, Ә.Алтынбекке, Н.Жмеренецкаяға, Б.Қажыбаевқа, кәсіпкер әрі қоғам қайраткері И.Сауэрге және өзге де тұлғаларға берілді.
«Қазақстанның халық жазушысы» атағына ақын М.Айтқожа мен жазушы Ғ.Қабышұлы,
«Қазақстанның халық әртісі» атағына Б.Әбділманов, М.Өтекешова, А.Жайымов, Т.Жанқұл, Ш.Жанысбекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева және Р.Машурова ие болды.
Сондай-ақ денсаулық сақтау мен ғылым саласының үздік өкілдері «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атақтарымен марапатталды.
Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда және борышын адал атқаруда көзге түскен әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының өкілдері «Даңқ», «Айбын» ордендерімен, сондай-ақ «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен наградталды.
Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылы аясында марапатталғандардың арасында еңбек әулеттерінің 138 өкілі, түрлі салада еңбек етіп жүрген 500-ге жуық жұмысшы мен еңбеккер, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 130 ұстаз бен ғалым, сондай-ақ 100-ге тарта медицина қызметкері бар.
RUS