Студенттерді алдырмады ма? Атырауда жасанды интеллект туралы жиынға қарияларды қатыстыру сынға ұшырады

24.10.2025, 10:20
642
Студенттерді алдырмады ма? Атырауда жасанды интеллект туралы жиынға қарияларды қатыстыру сынға ұшырады instagram.com/atyrau_oblysynyn_akimdigi

Жиында Президент жолдауындағы міндеттер талқыланған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауынан кейінгі міндеттер талқыланды. Бұл мәселе облыстық ардагерлер кеңесінің VI пленумында қаралды.

Жиында аймақ әкімі Серік Шәпкенов жасанды интеллектіні дамытудың стратегиялық маңызына тоқталып, оны өңір экономикасының жаңа қозғаушы күші ретінде бағалады.

– Жасанды интеллектіні дамыту – тек технология емес, бұл экономиканы жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық бағыт. Әлемдік тәжірибе оның тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан жаңа технологияларды өңірдің даму басымдығына айналдыру – басты міндетіміз, – деді әкім.

Ресми мәліметке сүйенсек, әкімдік жиын соңында ақсақалдарға облыстың дамуына және жастарды тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ардагерлерге Алғыс хат табыстағанын жаза кеткен.

Алайда бұл жиынның қатысушылары қоғамда қызу талқыланып жатыр. Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде сын пікір білдірді.

– Атырау облысының әкімі WhatsApp пен 2GIS-ті әрең меңгеретін ата-апаларды жинап алып, жасанды интеллектіні талқылапты. Клавиатура баса алмайтын, контактілерді сақтай алмайтын адамдарға ЖИ-ді қалай түсіндірді екен? Бізде бәрі науқаншылдыққа айналған. Президент айтты екен деп зал толтырып, есеп берсе болды. Бұл тақырыпты ең болмаса жастармен, студенттермен талқыласа ғой, – деп жазды ол.

Әлеуметтік желілерде пікір екіге бөлінді: бірі «ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен ақылын ескеріп, олардың да пікірін тыңдау орынды» десе, екіншілері «жасанды интеллект мәселесін нақты осы саланы меңгерген жастармен, IT мамандармен талқылау керек еді» деген уәж айтты.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады