«Сілтемелер дәуірі аяқталды» — OpenAI жаңа браузерін таныстырды

24.10.2025, 10:40
668
«Сілтемелер дәуірі аяқталды» — OpenAI жаңа браузерін таныстырды GETTY IMAGES

OpenAI компаниясы өзінің жаңа буын өнімін — Atlas атты веб-браузерін ресми түрде көпшілікке ұсынды. Жаңа браузер жасанды интеллект пен адам арасындағы диалогқа негізделген мүлде жаңа форматтағы іздеу жүйесін қалыптастыруды көздейді.

TechCrunch хабарлағандай, Atlas дәстүрлі іздеу жолағымен жұмыс істейтін жүйелерден айырмашылығыпайдаланушымен табиғи тілде сөйлесетін интеллектуалды интерфейске айналмақ.

Сэм Альтман, OpenAI бас директоры:

«Интернетті URL мен іздеу жолағы арқылы шолу дәуірі аяқталды. Ендігі мақсатадамдарға ақпаратты сөйлесу арқылы ұсыну».

Atlas — жасанды интеллектке негізделген браузер ғана емес, толыққанды цифрлық көмекші. Ол сайттарды жай ғана ашып бермейді, пайдаланушының сұранысын мағынасы менконтексті бойынша түсініп, нақты әрі пайдалы жауап ұсынады.

Мәселен, қолданушы «ең жақсы камера қайсы деудің орнына, былай жаза алады:

«Маған саяхатқа қолайлы, жеңіл әрі сапалы камера керек».

Atlas бұл сұранысты нақтылап, контексті бойынша оптималды шешім ұсынады.

Бұрынғыдай іздеу нәтижелерін сүзу қажет емесенді шешімді жасанды интеллекттің өзі ұсынады.

IT сарапшылардың пікірінше, Atlas — Google экожүйесіне ашық әрі тікелей бәсекелес. Бүгінде Chrome мен Google Search интернет трафигінің басым бөлігін өз бақылауында ұстап отыр. Ал OpenAI болса, осы үстемдікке балама экожүйе ұсынуға ниетті.

Atlas-та жарнама көрсетілмейді, іздеу нәтижелерінде сілтемелер үшін күрес жоқбарлығы сұхбат форматында жүзеге асады. Бұл модель Google-дің дәстүрлі жарнамалық бизнесіне айтарлықтай соққы болары анық.

OpenAI өкілдері Atlas браузерінің басты қағидатыпайдаланушының сенімі мен деректер қауіпсіздігін сақтау екенін атап өтті. Компания жеке ақпаратты ешбір жағдайда жарнамалық мақсатта қолданбайтынын және мәлімет өңдеу үдерісінің ашық әрі этикалық негізде жүргізілетінін мәлімдеді.

Atlas осы арқылы «сенімді интернет» концепциясын ұсынып отыр. Бұл тәсіл болашақта бүкіл саланың даму бағытына ықпал етуі мүмкін.

Atlas таныстырылған күні Alphabet (GOOG) акциялары 5%-ға дейін төмендеді. Бұл инвесторлар арасындағы алаңдаушылықтың нақты белгісі ретінде қабылданды. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл құбылыс жасанды интеллекттің дәстүрлі іздеу жүйелеріне шын мәнінде қауіп төндіріп келе жатқанын көрсетеді.

Мақала авторы: Ғасыр Құралбай

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды