Паспорт құны – 1 млрд теңге: Құлыбаевтардың ұлы Кипр азаматтығын сұраған

Азиз Қалижан Редактор
24.10.2025, 13:01
3180
Паспорт құны – 1 млрд теңге: Құлыбаевтардың ұлы Кипр азаматтығын сұраған әлеуметтік желіден

Кипр билігіне өтініш берген байлардың қатарында Құлыбаевтардың ұлы да жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тимур және Динара Құлыбаевтардың ұлы Алтай Асқар Кипр азаматтығын сұраған. Бұл туралы Telegram-дағы «Выход к морю» арнасы хабарлады.

Мәліметке сүйенсек, Алтай Асқар 2019 жылы Кипрдің «инвестиция арқылы азаматтық алу» бағдарламасына өтініш берген. Бұл бағдарлама біраз айдан соң, 2020 жылдың қарашасында Еуроодақ қысымынан кейін жабылған еді.

Өтініш туралы ақпарат Кипрдің мемлекеттік газетінде жарияланған. Мұндай өтініштердің нәтижесі ашық түрде жарияланбайды, алайда сол кезеңде Кипр билігі әлемнің түкпір-түкпірінен келген бай инвесторлардың дерлік бәріне оң жауап берген.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, кей жағдайда тіпті өз елінде қылмыстық іздеуде жүрген шетелдіктер де Кипрдің «алтын паспортын» алған. Бұл жағдай Еуроодаққа ұнамай, 2020 жылы Al Jazeera арнасы жариялаған ірі журналистік зерттеуден кейін халықаралық жанжалға ұласқан.

Осы дауылдан соң Брюссельдің қысымымен Кипр үкіметі «алтын паспорт» бағдарламасын толық жапты.Бағдарламаны жапқанға дейін 7 мыңға жуық адам (инвесторлар және олардың туыстары) Кипр азаматтығын алып үлгерген.

Басты өтініш берушіге Кипр паспортының құны шамамен €2,5 млн болған, бұл 2019 жылғы бағаммен есептегенде шамамен 1,07 млрд теңге. Сондай-ақ белгілі болғандай, Алтай Асқардың Швейцарияда резиденттік картасы бар, ал тұрақты мекенжай ретінде осы елді көрсеткен.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасы қос азаматтыққа қатаң тыйым салынған.

  1.  
Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды