Тоқаев жас ғалымдар мен IT-мамандарды «Қазақстанның жаңа элитасы» деп атады

24.10.2025, 13:30
954
Тоқаев жас ғалымдар мен IT-мамандарды «Қазақстанның жаңа элитасы» деп атады Ақорда

Немерелеріміз әлемдік нарыққа керек дүние шығара алады дейді Тоқаев.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаңа буын кәсіпкерлер мен IT-мамандарды «Қазақстанның жаңа элитасы» деп атады.

Мемлекет басшысы мұны биылғы ерекше оқиға ретінде аталған Higgsfield AI стартапының жетістігімен байланыстырды. Бұл жоба қазірдің өзінде ел тарихында тұңғыш «сыңармүйіз» стартап (яғни құны миллиард доллардан асқан компания) ретінде бағаланып отыр.

«Higgsfield AI» – жаһандық деңгейде мойындалған қазақстандық табыс тарихының бірі. Президенттің айтуынша, бұл идея алғашында Astana Hub технопаркінде пайда болған. Оны математика мен физикадан халықаралық олимпиадаларда топ жарған жас дарындар қолға алған.

– Осындай білімді, еңбекқор азаматтар – еліміздің келешегі. Жас кәсіпкерлер, ғалымдар, инженерлер мен IT-мамандар қазірдің өзінде Қазақстанның жаңа элитасын қалыптастырып жатыр. Ал жаңашылдық – біздің ұлттық болмысымыздың бір бөлігіне айналды, – деді Тоқаев.

Президент стартап саласындағы бір-екі табыспен шектеліп қалуға болмайтынын да ескертті. Оның айтуынша, мемлекет болашағы бар отандық стартаптарға қолдау көрсетіп, олардың әлемдік нарықта өз орнын табуына жағдай жасауы тиіс.

Сол себепті Үкіметке заманауи және тиімді инновациялық экожүйе құру тапсырылды.

– Егер мемлекет қолдау көрсетсе, біздің балаларымыз бен немерелеріміз әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары технологиялық өнімдер шығара алады, – деді Мемлекет басшысы.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды