SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында еліміздің әлеуметтік, мәдени және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Құрметті марапат иелерінің қатарында танымал продюсер Баян Мақсатқызы да бар. Бұл жаңалықты ол Instagram-парақшасында жариялады.
«Достар! Баршаңызды алдағы Республика күнімен құттықтаймын! Бүгін анамның арманы орындалды. Мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атандым! Бұл жоғары марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолынан алу — мен үшін үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Отанға қызмет етемін!», — деп жазды продюсер.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: бірі Баян Мақсатқызын еңбегі еленгеніне қуанып, жылы лебіздерін білдірсе, енді бірі бұл шешімге сын көзбен қарады.
Айта кетейік, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын биыл сондай-ақ мәдениет саласының өкілдері Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге айрықша үлес қосып жатқан Иван Сауэрге және басқа да азаматтар иеленді.
RUS