20 миллион британдық Apple-ді сотқа беріп, жеңіп шықты

24.10.2025, 14:48
1023
20 миллион британдық Apple-ді сотқа беріп, жеңіп шықты Mark Lennihan/AP Photo

Компания халыққа $2 млрд өтемақы төлейтін болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, британ соты Apple компаниясын әділетсіз комиссиялар алып, нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Іс бойынша талап сомасы шамамен 1,5 млрд фунт стерлингті (2 млрд доллар) құрайды. Бұл туралы Reuters жазды.

Істі қараған Лондонның бәсекелестік апелляциялық трибуналы 20 миллионнан астам iPhone және iPad пайдаланушыларының мүддесін қорғады. Тергеу қорытындысы бойынша, Apple 2015 жылдан 2020 жылға дейін App Store арқылы қосымшалар сататын әзірлеушілерден 30 пайыздық комиссия алып, бұл арқылы нарықтағы бәсекені шектеген.

Адвокаттардың айтуынша, сол кезеңде әділ комиссия шамамен 17,5 пайыз болуы керек еді. Ал артық төленген 12,5 пайыздың жартысы тұтынушылардың мойнына түскен.

Соттың шешімінде компания «қосымшалар нарығында үстем жағдайын пайдаланып, әділетсіз баға белгілеген» деп жазылған.

Apple өкілдері шешіммен келіспейтінін мәлімдеп, апелляцияға беретінін хабарлады. Компанияның пікірінше, трибуналдың шешімі «қосымшалар нарығындағы әділ және ашық бәсекелестікті дұрыс сипаттамайды».

Бұл істі бастаған Лондон экономика мектебінің профессоры Рэйчел Кент Apple-ді «қосымшалар мен ішкі сатып алу жүйесін толық монополияға айналдырды» деп айыптады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды