SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Жетісу ауданында жолаушылар мінген автобус аялдамаға соғылып, бір адамды қағып кетті. Бұл туралы kris_p_almaty Telegram-арнасы жазды.
Жол апаты бүгін, 24 қазанда шамамен сағат 12:35-те барахолка маңында болған. Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тараған видеодан көрініс тапты.
Полиция департаментінің хабарлауынша, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Солтүстік айналым көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Көлік алдымен бордюрге, кейін аялдамаға соғылған. Сол сәтте аялдамада тұрған адамды қағып кеткен.
Апат салдарынан екі адам – аялдамада тұрған жаяу жүргінші мен автобустың бір жолаушысы жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді.
Қазір оқиғаның нақты себебін Жетісу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.
RUS