Қытай Қазақстанға құны 1 млрд доллар екі электр станциясын салып бермек

24.10.2025, 16:19
748
Қытай Қазақстанға құны 1 млрд доллар екі электр станциясын салып бермек Asian Development Bank, CC BY-NC-ND 2.0

Қытай Түркістан мен Қарағандыда электр станцияларын тұрғызады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытайдың China Energy корпорациясы Қазақстанда жалпы құны 1 млрд доллардан асатын екі ірі энергетикалық жобаны жүзеге асырады.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, министр Ерлан Ақкенжанов пен China Energy басшысы Цяо Сюбин Астанада кездесті. Тараптар жаңартылатын энергия көздері саласында екі маңызды жобаны іске асыру жөнінде келісті.

Бірінші жоба — Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясын салу, екіншісі — Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын тұрғызу.

Бұл жобалар Қазақстан мен Қытай Бакуде өткен БҰҰ климаттық конференциясында қол қойған жасыл энергетика жөніндегі үкіметаралық келісім аясында жүзеге асады.

Қытайлық компанияның серіктесі — «Қазақтелеком». Ол жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілетін деректерді өңдеу орталығын (Data Center) салмақ. Осылайша, China Energy инвестициясы елдің жасыл энергетикасымен қатар, цифрлық инфрақұрылымын да дамытуға бағытталып отыр.

Министр Ақкенжановтың айтуынша, бұл жобалар Қазақстанның көміртексіз даму мақсатына нақты үлес қосады:

«China Energy компаниясымен әріптестік — тек капитал емес, озық технология әкелетін ынтымақтастық үлгісі. Түркістан мен Қарағандыдағы жобалар — еліміздің көміртегі бейтараптығына қарай нақты қадам. Сонымен қатар, энергия сақтау және «ақылды желілер» бағыттарында да серіктестікті кеңейтуге зор мүмкіндік бар», — деді министр.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды