Басы даудан арылмаған бұрынғы ұлттық құрама ойыншысы «Қызылжардан» кететін болды

24.10.2025, 17:14
403
Басы даудан арылмаған бұрынғы ұлттық құрама ойыншысы «Қызылжардан» кететін болды Sputnik / Владислав Воднев

Руслан Валиуллин кезінде ұлттық құраманың үміті еді, енді клубтың артық ойыншысы болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Руслан Валиуллин маусым соңында «Қызылжар» клубымен қош айтысады. Бұл туралы Sports24.kz жазды.

Клубтың бапкерлер құрамы футболшының соңғы кездегі ойынына көңілі толмай, оны негізгі құрамнан шеттеткен. Соңғы турларда оның орнын Кот-д’Ивуардан келген легионер Абдул Азиз Туре толық иеленіп, Валиуллин алаңға шықпай қалды.

29 жастағы жартылай қорғаушы биыл маусым басында «Қызылжарға» ауысқан. Алайда 21 матчта бірде-бір нәтижелі әрекет жасай алмай, бапкерлер сенімінен айырылды.

Айта кетейік, 2021 жылы Руслан Валиуллин допинг-тесттен өте алмай, екі жылға футболдан шеттетілген болатын. Спортқа қайта оралғаннан кейін де ол бұрынғы бабына келе алған жоқ.

Қазір футболшының қай клубқа ауысатыны белгісіз. Сарапшылардың пікірінше, бұл — оның мансабындағы шешуші кезең. Егер Валиуллин өзіне жаңа команда тауып, ойын деңгейін қайта көрсете алмаса, кәсіби футболдағы жолы осымен аяқталуы мүмкін.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді