Әбіш Кекілбаевтың немересі «Қызыл-Жар» халықаралық әуежайын басқаратын болды
Абыл Кекілбаев Петропавлдағы әуежайдың басшысы болып тағайындалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақтың белгілі жазушысы Әбіш Кекілбаевтың немересі, авиация саласының маманы Абыл Кекілбаев «Қызыл-Жар» халықаралық әуежайының директорының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
Абыл Кекілбаев бұған дейін 2020–2022 жылдары «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында басқарма төрағасының кеңесшісі болып қызмет еткен. Оған дейін Инвестициялар және даму министрі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болған.
Сондай-ақ 2016–2017 жылдары ол БҰҰ-ның Жас мамандар бағдарламасы аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) аэронавигациялық бюросында жұмыс істеп, осы ұйымдағы алғашқы қазақ өкілі атанған.
«Мектеп бітірерде атам: «Техникалық салада өз мамандарымыз аз, сол бағытты байқап көр» деп кеңес берген еді. Сөйтсем, ол кезде-ақ менің әуе саласына қызығатынымды байқап жүрген екен. Енді сол бағытта жүргеніме қуаныштымын», – деген еді Кекілбаев бұған дейін «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында.
Материал авторы