2314

Ақтауда полицей қызметкері жүк тиегішке соғылып қаза тапты (ВИДЕО)

Қайғылы сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Ақтауда полицей қызметкері жүк тиегішке соғылып қаза тапты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда түнгі уақытта болған жол апатында полиция қызметкері көз жұмды.

Кадрлардан көліктің жоғары жылдамдықпен келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк тиегішке соғылғаны анық көрінеді.

Оқиға 23 қазаннан 24-не қараған түні болған. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Camry көлігінің тізгінінде демалыста жүрген полиция қызметкері болған. Ол оқиға орнында қаза тапқан.

Көліктегі жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Полиция дерегіне сай, қаза болған жүргізушінің қаны тексеріліп, ішімдік пен есірткі белгілері табылмаған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор