Алматы облысындағы ауыл әкімі тауда апатқа ұшырап, бір адам қаза болды

25.10.2025, 12:08
842
Алматы облысындағы ауыл әкімі тауда апатқа ұшырап, бір адам қаза болды Криминальный Казахстан

Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының таулы аймағында Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев қатысқан жол апаты болып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Криминальный Казахстан жазды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға демалыс күндерінің бірінде Райымбек ауданында болған. Bestune T55 маркалы қызметтік көлікті басқарып келе жатқан Дәулетәлиев рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Көлік бірнеше рет аударылып, соның салдарынан 38 жастағы ер адам қаза тапқан.

Әкім мен 34 жастағы жолаушы ауыр жарақат алып, реанимацияға жеткізілген. Қазір олардың жағдайы тұрақтандыру сатысында. Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты былай деп мәлімдеді:

«Панфилов ауылдық округінің әкімі қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мемлекеттік қызметші қазір ауруханада, еңбекке жарамсыз болғандықтан қызметтік тексеріс уақытша тоқтатылды. Тергеу аяқталған соң және ол жұмысқа шыққаннан кейін тәртіптік шаралар Әдеп кеңесінде қаралады».

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасарының қатысуымен болған жол апаты да қоғам назарын аудартқан болатын.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады