Қазақстан әскери контингентін Иранға жібереді
Қазақ әскері Иранға не үшін жіберілетіні белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) «Саханд-антитеррор-2025» атты бірлескен антитеррорлық оқу-жаттығулары 4 желтоқсанда Иранда өтеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқу-жаттығулардың қорытынды кезеңіне дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Іс-шараларға ШЫҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздік және арнайы қызмет органдарының өкілдері, соның ішінде Қазақстанның әскери контингенті де қатысады.
«Аймақтық антитеррорлық құрылым тарапынан ШЫҰ елдерінің құзырлы органдары қатысатын "Саханд-антитеррор-2025" оқу-жаттығуларының финалдық кезеңіне дайындық аяқталып келеді», — деді Шаршеев.
Оқу-жаттығулар мен салтанатты жабылу рәсімі Иранның Тебриз қаласына жақын аумақта өтеді. Алдағы уақытта қатысушылар мен бақылаушыларға ресми шақырулар мен бағдарлама жіберіледі.
ШЫҰ аясындағы мұндай жаттығулардың мақсаты — мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығын күшейту, ақпарат алмасу жүйесін жетілдіру және ортақ қауіпсіздік стратегиясынпысықтау болып табылады.
Материал авторы