Трамп Ресеймен келіссөздерде Қытайдың көмегіне сеніп отыр
Қытай Путинді көндірсе екен деп тілейді Трамп.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен өтетін келіссөздер кезінде Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылауға ниетті екенін айтты. Ол бұл бағытта Пекиннің көмегіне үміт артып отырғанын жеткізді.
«Біз талқылайтын тақырыптардың бірі — Ресей мен Украина. Мен Қытайдың Ресеймен келіссөздерде бізге көмектескенін қалаймын», — деді Трамп журналистерге.
АҚШ президентінің айтуынша, жақында Вашингтон Мәскеуге қарсы «өте қатаң санкциялар» енгізген.
«Путин олардың айтарлықтай әсері болмайды дейді. Мен олай ойламаймын», — деп қосты Трамп.
25 қазанда Дональд Трамп Малайзияға аттанды. Онда АСЕАН саммиті өтеді. Кейін ол Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапар жасайды.
Ал Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі 30 қазанда өтеді деп жоспарланған.
Материал авторы