SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ФИФА Шохбоз Умаров пен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы ұзаққа созылған қаржылық дауға нүкте қойды. Бұл туралы Sports24.kz жазды.
Халықаралық футбол ұйымы қазақстандық клубты өзбек ойыншысы Шохбоз Умаровқа 31,6 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Бұл сомаға жалақы қарызы, демалыс өтемақысы және өсімақы кіреді.
ФИФА дерегінше, «Ордабасы» ойыншымен жасаған келісімшарт бойынша бірқатар міндеттемелерін орындамаған. Клуб футболшыға 16,6 миллион теңге жалақы және 28 күндік демалыс өтемақысын төлемей қойған. Сонымен қатар, 2023 жылғы чемпиондық маусымнан кейін командаға уәде етілген 400 миллион теңгелік сыйақы қорынан өз үлесін алмаған.
Енді клуб футболшыға 31,6 миллион теңге төлеуі тиіс, оған жалақы, өтемақы және 5% көлеміндегі өсімақы қосылады.
Айта кетейік, Умаровтың шағымы ФИФА-ның дауларды шешу палатасына 2024 жылдың көктемінде түскен. Құжаттарды жан-жақты зерттегеннен кейін ұйымның заң департаментінің басшысы Эмилио Гарсиа Сильверо шешімді ойыншының пайдасына қабылдаған.
Қазір Шохбоз Умаров «Туран» клубында ойнап жүр. Алайда команда биылғы маусымның қорытындысы бойынша Кәсіпқой футбол лигасынан түсіп, Бірінші лигаға кетті. Ал «Ордабасы» да оңай жағдайда емес — маусымның соңғы туры қарсаңында клуб турнир кестесінде жетінші орында тұр.
RUS