633

Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, алты адам жарақат алды

Гранта көлігі қарсы жолаққа шығып кеткен көрінеді.

Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, алты адам жарақат алды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 қазан күні сағат 18:55 шамасында Атырау–Озинки тас жолының 22-шақырымында, Бәйтерек ауданына қарасты Болашақ ауылы маңында болған.

Алдын ала дерекке сай, «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Changan X5 Plus» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан ‘Changan X5 Plus’ көлігінің алты жолаушысы түрлі жарақат алды. Барлығы Орал қаласындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Материал авторы