SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында үш күн бұрын медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушы қолға түсті. Облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ол Түркістан қаласындағы танысының үйінен табылған.
Оқиға 23 қазан күні болған. Полицияның мәліметінше, қашқынды ұстау үшін аймақта жедел жоспар енгізіліп, бақылау бекеттері қойылған және жеке құрам толықтай жұмылдырылған.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов бұл жайтты жеке бақылауына алғанын айтты:
«Ұсталған азамат тергеу изоляторына жеткізілді. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жағдай бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды», — деді ол.
Полиция департаменті сотталушының қашу себептері мен оған көмектескен адамдардың бар-жоғын тексеріп жатыр.
RUS