676

Брюссельдегі әйгілі «Манекен Пис» мүсініне қазақ шапаны кигізілді

Шапанды әйгілі мүсінге елшілік кигізген.

Брюссельдегі әйгілі «Манекен Пис» мүсініне қазақ шапаны кигізілді
kazakhstaninbrussels

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Бельгия астанасы Брюссельде Қазақстан Республикасының күніне орай әйгілі Манекен Пис мүсіні қазақтың дәстүрлі шапанымен безендірілді.

Салтанатты шараны Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі мен Манекен Пис сақшылары ордені бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл ерекше рәсім екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты және мәдени ынтымақтастықты айшықтайды.

Брюссель тұрғындары мен туристер үшін танымал нысан саналатын Манекен Пис мүсіні жыл сайын түрлі елдің ұлттық киімдерін киіп, халықаралық ынтымақ пен мәдени алмасудың символына айналып келеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор