SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей әскерлері Киевке қатарынан екінші түнде әуе шабуылын жасады. Украина астанасының мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, үш адам қаза тауып, 30-дан астамы жараланды, олардың арасында алты бала бар. Ең кішкентайы – небәрі 6 жаста.
Кличко Telegram-арнада жазғандай, жараланғандардың жетеуі, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілген.
Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко да шабуыл салдарынан 31 адамның зардап шеккенін растады.
Украинаның Төтенше жағдайлар қызметі хабарлағандай, Деснян ауданында дрон сынықтары құлағаннан кейін бірнеше өрт шыққан. Бір 9 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттары отқа оранып, 13 адам құтқарылған. Сонымен қатар 16 қабатты ғимараттың бірінші мен тоғызыншы қабаттарының терезелері сынған.
Шабуылдың салдарын жоюға 100-ден астам құтқарушы мен 20-дан аса техника жұмылдырылған.
Бұған дейін, яғни бір күн бұрын, Киевке жасалған ресейлік әуе соққыларынан екі адам қаза тауып, он екі адам жарақат алған болатын.
RUS