Путин жаңа «Буревестник» зымыраны жайлы: «Мұндай қару әлемде ешкімде жоқ»
«Буревестник» жобасы 2001 жылы басталған дейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин ядролық қозғалтқышы бар «Буревестник» қанатты зымыранының сынағы сәтті өткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл — «әлемде баламасы жоқ ерекше қару».
РФ Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимовтың дерегінше, сынақ 22 қазанда өткен, зымыран 15 сағат бойы ұшып, 14 мың шақырым қашықтықты еңсерген. «Бұл – шектеу емес», – деді Герасимов.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, «Буревестник» жобасы АҚШ 1972 жылғы баллистикалық зымырандарға тыйым салу туралы келісімнен шыққаннан кейін, 2001 жылы басталған. Ресей Қорғаныс министрлігі жаңа стратегиялық қару түрлерін жасау елдің қорғаныс қабілетін күшейтіп, агрессияның алдын алуғабағытталғанын атап өтті.
Путин бұл туралы әскерлердің біріктірілген қолбасшылық пунктіне барған кезінде айтты:
«Бұл – бірегей жоба, әлемде ұқсасы жоқ. Әуелі бұл бастама туралы айтқанымызда, тіпті жоғары деңгейдегі сарапшылардың өзі оны «жақсы, бірақ жақын болашақта жүзеге аспайтын» идея деп санаған еді», – деді ол.
Пентагон да зымыранның ерекше қашықтық пен автономды ұшу қабілетіне байланысты кез келген бағыттан соққы беруге қауқарлы екенін мойындады.
«Буревестник» туралы не белгілі
Ресми мәліметтерге сай, зымыранның көлемі Х-101 қанатты зымыранымен шамалас, бірақ шағын ядролық қозғалтқышының арқасында әлдеқайда алысқа ұша алады. Ол жойғыш ұшақтардан емес, арнайы жерүсті қондырғылардан ұшырылады.
Сарапшылардың айтуынша, оның қозғалтқыш жүйесі радиоактивті шығарындылар тудыруы мүмкін, бұл — кәдімгі реактивті зымырандарға тән емес құбылыс.
Британдық барлау қызметі «Буревестникті» жер шарының кез келген нүктесіне жете алатын, ядролық қозғалтқышы бар дозвуктік қанатты зымыран деп сипаттады.
Алайда батыстық әскери сарапшылар оның стратегиялық тиімділігіне күмәнмен қарап отыр — өйткені зымыран әлі де әуе қорғаныс жүйелеріне осал болуы мүмкін.
Осы уақытта АҚШ-та сапарда жүрген Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев жаңа зымыран сынағы жөніндегі ақпарат Вашингтонға ресми түрде жеткізілгенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ресей күштері Құрам армиясы мен Купянск маңында украиналық бөлімдерді қоршауға алғаны жөнінде де дерек берілгенін айтты.
Дмитриевтің сөзінше, АҚШ-пен диалог күрделі жағдайда өтіп жатыр, себебі «ақпараттың Ақ үйге тікелей жетуіне кедергі жасалып отыр». Ол Мәскеу қақтығысты шешу үшін «оның салдарын емес, түпкі себептерін жою қажет» деген ұстанымын тағы да қайталады.
Материал авторы