418

Астанада шаруашылық нысандағы өрт жоғары дәрежеде сөндіріліп жатыр (ВИДЕО)

Оқиға орнында төрт өрт сөндіру тобы жұмыс істеуде.

Астанада шаруашылық нысандағы өрт жоғары дәрежеде сөндіріліп жатыр (ВИДЕО)
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Байқоңыр ауданындағы Ақсай көшесінде орналасқан шаруашылық корпус өртеніп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жоғары дәрежелі шақырту бойынша жүріп жатыр. Тілсіз жаумен күреске төрт жауынгерлік бөлімше тартылған.

Министрліктің мәліметінше, жедел штаб құрылып, су беру үздіксіз қамтамасыз етілген.

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Материал авторы