Елена Рыбакина чемпиондық жарыс кестесінде үш сатыға көтерілді
Рыбакина қайтадан бабына келіп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысының рейтингінде бірден үш орынға жоғарылады.
Қазір ол 4350 ұпаймен алтыншы орында, америкалық Мэдисон Кизді (4335) және италиялық Жасмин Паолиниді (4325) артта қалдырды.
Өткен аптада Рыбакина Токиодағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, WTA маусымдық финалына жолдама алған еді. Алайда жартылай финал алдында жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.
Чемпиондық жарыстың алғашқы үштігінде Аринa Соболенко (9870), Ига Швёнтек (8195) және Кори Гауфф (6563) орналасқан.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші