396

Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысты

Түйенің иесіне айыппұл салынды.

Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында Lada Largus автокөлігі жолға шығып кеткен түйемен соқтығысты. Оқиға 26 қазан күні сағат 23:00 шамасында Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылы маңында болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші аман қалған. Полицейлер түйенің иесін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзу» бабымен (ҚР ӘҚБтК 408-бабы) хаттама толтырылып, иесіне үш айлық есептік көрсеткіш (11 796 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Материал авторы