Қазақстан СІМ Таиландтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

27.10.2025, 13:25
479
Қазақстан СІМ Таиландтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады Andrew Harnik/Getty Images

Таиланд пен Камбоджа арасында қақтығыс күшейіп, тоқтаған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таиланд пен Камбоджа арасындағы бейбітшілік туралы бірлескен декларацияның қабылдануына байланысты ресми мәлімдеме таратты.

Құжатқа қол қою рәсімі 25–28 қазан аралығында Куала-Лумпурда өтіп жатқан ASEAN-ның 47-саммиті аясында өтті. Іс-шараға АҚШ президенті Дональд Трамп пен Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагим де қатысты.

«Қазақстан Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған бірлескен декларацияның қабылдануын құптайды. Бұл құжат тараптардың БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаттарына адалдығын, сондай-ақ аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген ұмтылысын айқын көрсетеді», — делінген СІМ мәлімдемесінде.

Министрлік сонымен қатар бұл декларацияның екі ел арасындағы достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ ASEAN шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таиланд пен Камбоджа басшылары шекара маңындағы қарулы қақтығыстардан кейін бейбіт келісімге келген болатын. Қарсылас тараптардың атысы 24 шілдеде басталып, бес күннен кейін — 28 шілдеде атысты тоқтату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келісімнен соң Дональд Трамп өзін «бейбітшілік президенті» деп атап, соңғы жарты жылда әлемдегі бірнеше қақтығысты тоқтатуға үлес қосқанын мәлімдеді.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан