Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Астана» матчынан кейін жүрекжарды сөз айтты

27.10.2025, 15:32
773
Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Астана» матчынан кейін жүрекжарды сөз айтты instagram.com/anarbekov_temirlan77

Кейбір ойыншылардың бойында шаршаңқылық байқалды дейді Темірлан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков шешуші ойында «Астанаға» (1:1) қарсы өткен матчтан кейін әсерімен бөлісті. Бұл тең ойын «Қайратқа» қатарынан екінші чемпиондықты сыйлады.

«Ойын оңай болған жоқ. Әсіресе алғашқы таймда қиынға соқты — кейбір ойыншылардың бойында шаршаңқылық байқалды. Үзілісте бапкердің айтқанынан кейін екінші таймда гол соғып, бір команда болып ойнадық. Барлығымыздың бойымызда уайым болса да, назар мен тәртіп сақталды. Әр футболшы жеңіске өз үлесін қосты. Енді мақсатымыз — Чемпиондар лигасында жақсы нәтиже көрсету. Алла қаласа, тағы да ұпай жинаймыз», — деді Анарбеков.

Матч 26 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтті және 1:1 есебімен аяқталды. Бұл нәтиже алматылықтарға маусымды 59 ұпаймен аяқтап, ел чемпионы атануға мүмкіндік берді.

Шешуші ойында Марин Томасов пен Дастан Сатпаев мергендігімен көзге түсті.

Келесі маусымда «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы іріктеу кезеңінде қайта бақ сынайды.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті