SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 қазан күні Израильдің әскери дроны Ливанның оңтүстігінде орналасқан Кфаркила елді мекені маңында жүрген БҰҰ Уақытша күштерінің (UNIFIL) патруліне граната тастады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
UNIFIL мәліметінше, жексенбі күні шамамен сағат 17:45-те Израильдің ұшқышсыз ұшағы бітімгерлер колоннасына тым жақын ұшып келіп, граната тастаған. Араға біраз уақыт салып, Израиль танкі де патруль бағытына қарай оқ атқан.
«Бақытымызға орай, біздің қызметкерлер аман қалды, техникаға да зақым келген жоқ», — делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.
UNIFIL өкілдері мұндай әрекетті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1701-қарарының және Ливан егемендігінің өрескел бұзылуы деп бағалады.
«Израиль армиясының бұл іс-қимылы бітімгерлердің қауіпсіздігіне немқұрайлық танытқанын көрсетеді», — деді ұйым өкілдері.
Бұған дейін де сол аумақта Израиль дроны UNIFIL патрулі үстінен тым төмен ұшып өткен. Сол кезде бітімгерлер дронға қарсы қорғаныс шараларын қолдануға мәжбүр болған.
RUS