Трамп Орталық Азия басшыларымен қандай мәміле жасауы мүмкін?
Трамп Тоқаевты саммитке шақырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 6 қарашада Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ саммитіне шақырғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғыс білдіріп, ресми хат жолдады.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев бұл бастаманы «уақтылы көтерілген маңызды қадам» деп бағалаған. Мемлекет басшысы өз хатында Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы бағытын, атап айтқанда, дәстүрлі құндылықтарға адалдығы мен бейбітшілікті сақтау ұмтылысын жоғары бағалайтынын жеткізген.
Вашингтонда өтетін саммиттің негізгі басты сұрақ — Трамп әкімшілігі мен Орталық Азия елдерінің нақты қандай келісімге келуі мүмкін екені. Сарапшылардың пікірінше, энергетика, аймақтық қауіпсіздік және сауда дәліздері басты тақырыптардың бірі болмақ.
Трамптың екінші президенттік кезеңінде АҚШ-тың аймаққа деген қызығушылығы айқын күшейген. Бұл ретте кей сарапшылар АҚШ Қытай мен Ресей ықпалының арасында «үшінші тепе-теңдік полюсін» қалыптастырғысы келеді деп болжайды.
Материал авторы