Құс еті мен қантқа тәуелді елміз: Министр азық-түлік қауіпсіздігін ашық мойындады

28.10.2025, 10:04
584
Құс еті мен қантқа тәуелді елміз: Министр азық-түлік қауіпсіздігін ашық мойындады gov.kz

Ең төменгі көрсеткіш – қант бойынша дейді министр Шаққалиев.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан әлі де кейбір негізгі азық-түлік түрлері бойынша шетелге тәуелді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Министрдің сөзінше, елде 29 негізгі азық-түлік позициясының бесеуі бойынша импорттық тәуелділік сақталып отыр.

«Құс еті бойынша өзімізді небәрі 70 пайызға ғана қамтамасыз етіп отырмыз. Ет өнімдері, оның ішінде шұжық өндірісін арттыруға әлеует бар. Ал ең төменгі көрсеткіш – қант бойынша. Қазір оның тек 33 пайызы елімізде өндіріледі. Сондай-ақ ірімшік пен йогуртқа да сырттан тәуелдіміз», – деді Шаққалиев.

Оның айтуынша, алдағы екі жылда Үкімет азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі бағыттары бойынша елді толық қамтамасыз етуді көздеп отыр.

«Біз азық-түлік қауіпсіздігін көрсететін 29 базалық тауар түрін анықтадық. Оның 19-ы – әлеуметтік маңызы бар өнімдер. Бұл позициялар бойынша тапшылық болмауы тиіс. Үкімет тәуекелдерді азайту үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр», – деді министр.

Қазірдің өзінде 3000-нан астам жәрмеңке ұйымдастырылған, жыл соңына дейін тағы 1700-дейі өтпек. Бұған қоса, өндірушілермен тікелей жеткізу келісімдері жасалып жатыр.

«Нарықта тауардың мол болуы – бағаны ұстап тұрудың және бәсекелестікті арттырудың басты тетігі. Сол үшін біз жұмыртқа, ұн, өсімдік майы және басқа да өнім өндірушілерімен меморандумдар жасап жатырмыз», – деді Шаққалиев.

Экономистердің айтуынша, мұндай мойындау — агроөнеркәсіп саласындағы жүйелі проблемалардың айғағы. Ал халық үшін басты мәселе – импортқа тәуелділіктің баға мен сапаға әсер етпеуін қамтамасыз ету.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды