Ақтөбеде күніне 200 мың теңге табыс тапқан онлайн-казино ұйымдастырған топ сотталды

28.10.2025, 10:07
320
Ақтөбеде күніне 200 мың теңге табыс тапқан онлайн-казино ұйымдастырған топ сотталды бейнежазбадан

Тоғыз адамнан тұратын қылмыстық топ сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде мобильдік bingo37.pro қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін жүргізіп, табыстарын жылыстатқан ұйымдасқан топтың мүшелеріне сот үкімі шықты.

Тергеу материалдарына сәйкес, топ мүшелері қатысушылардан ақша аударымдарын қабылдап, әрқайсысына жеке логин мен пароль беріп, онлайн ойындарға кіруге мүмкіндік жасаған. Осылайша, заңсыз казино тәулігіне 150–200 мың теңге көлемінде табыс түсіріп отырған.

Қылмыстық кірістерді жасыру үшін алаяқтар арнайы «дропперлерді» — яғни, өздерінің банктік карталары арқылы ақшаны қолма-қол айналымға шығаратын адамдарды пайдаланған.

Белгілі болғандай, топ ұйымдастырушыларының бірі бұған дейін, 2020 жылы дәл осындай қылмыс үшін жауапқа тартылып, жазасын өтеген. Бірақ соған қарамастан, ол қайтадан заңсыз ойын бизнесін жалғастырған.

Сот үкімімен тоғыз адам кінәлі деп танылып, оларға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған үш автокөлік мемлекет меншігіне тәркіленді.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды