327

Қостанайда аулада КамАЗ зейнеткер әйелді басып кетті

Марқұм оқиға орнында көз жұмды.

Қостанайда аулада КамАЗ зейнеткер әйелді басып кетті
Олег ПАК / ng.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 27 қазан күні Қостанай қаласындағы Садовая көшесіндегі №81 үйдің ауласында болды. Бұл туралы «Наша газета» жазды.

Полиция департаментінің мәліметінше, КамАЗ жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, артқа қозғалған сәтте 67 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Материал авторы