431

Маңғыстау облысында жолға шыққан жылқы екі адамның өмірін қиды

Жылқы жолға атып шыққан.

Маңғыстау облысында жолға шыққан жылқы екі адамның өмірін қиды
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 қазан күні таңертең Бейнеу – Шетпе – Ақтау тасжолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті жеткізді.

Полицияның мәліметінше, сағат 07:30 шамасында Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жол бойына кенет шыққан жылқыны қағып кеткен. Артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі де тежеп үлгермей, жануармен соқтығысқан.

Соққы салдарынан Mercedes-Benz автокөлігіндегі екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Жол қозғалысы ережелерін бұзу, адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша іс қозғалды.

Материал авторы