SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет алдағы он жылда жаңа қуат көздерін енгізуге ерекше көңіл бөлмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, электр энергетикасының дамуы ірі өндірістен бастап шағын бизнеске дейін бүкіл өнеркәсіптің өсіміне тікелей ықпал етеді. Сол себепті Мемлекет басшысы Үкімет алдына нақты міндет қойған – 2035 жылға дейін жалпы қуаты 26 гигаватт болатын жаңа энергия көздерін іске қосу.
«Бұл бағытта дәстүрлі генерациямен қатар, жаңартылатын қуат көздері мен атом энергетикасын дамытуға да ерекше назар аударылып отыр. Сонымен қатар қолданыстағы энергия көздері мен коммуналдық желілерді жаңғырту және кеңейту жұмыстары да қатар жүргізілуде», – деді Бектенов.
Үкімет жаңа энергетикалық саясат арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп, өнеркәсіп пен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздеп отыр.
RUS