Жигули Дайрабаев мандатын тапсырмайды - Мәжілістегі «Ауыл» фракциясы жауап берді

07.04.2023, 12:29
681
Жигули Дайрабаев мандатын тапсырмайды - Мәжілістегі «Ауыл» фракциясы жауап берді facebook.com/auyl.partiasy/photos

Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясы депутаты Жигули Дайрабаев мандатын тапсырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бүгін Мәжілісте тілшілер «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Анас Баққожаевтан партия мүшесі Жигули Дайрабаевтың істі болған ұлдарына қатысты сұрақ қойды.

«Аталған оқиғадан кейін депутат Жигули Дайрабаев мандатын тапсыра ма?» деп сұрады журналистер.

Өз кезегінде Анас Баққожаев фракция мүшесі Ж. Дайрабаев депутаттық мандатын тапсырмайтынын айтты.

«Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Осы орайда фракцияның мәлімдемесін айтып отырмын. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз. Біріншіден, оның жеке басына қатысты аталған істе ештеңе айтылмаған. Екіншіден, оның балалары ересек азаматтар. Олар өз ісіне өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен біраздан бері айналысып келе жатыр. Тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы керек», - деді Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше Тараз қаласының №2 соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарған екі күдіктінің Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары екені белгілі болды.

Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Ерлан Құлкеев, кәсіпкерлер Елжан Елібай, Дидар Молдақалық және Марат Дайрабаев субсидия қағидаларын бұза отырып, «Альбион» құлпынай көшеттеріне мемлекеттен субсидия алған.

Оның бір бөлігі алаяқтық жолмен ұрланып, жеке қажеттілігіне жұмсалған. Мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келді.

Осының ішінде Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев - Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)